Қазақстанда ең көп тараған фамилия иелері анықталды

4

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Қазақстанда ең көп тараған фамилияларды атады.

«Әділет министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ең көп таралған фамилия — Ахметов(а). Дәл осындай тегі бар адамдардың саны 73 627. Екінші орында — Омаровтар (45 123). Мен үшін үшінші орында тұрған күтпеген фамилия — Ким тегі болды. Қазақстанда осындай тегі бар 42 274 адам тұрады. Төртінші орында Оспановтар тұр (41 068). Ал бестікті жалпы саны 39 296 адамға жететін Ивановтар тұйықтаған. Әрі қарай Әлиевтер — 36 084 адам, Сүлейменовтер — 33940 адам, Ысқақовтар — 31 988, Әбдірахмановтар — 29 091, Ибрагимовтер – 28 755, Қалиевтер – 28 219, Садықовтар – 27 810, Ыбыраевтар – 26 531, Кузнецовтар – 25 990 адам, Поповтар – 24 956, Смағұловтар – 24 005, Абдуллаевтар – 23 729, Исаевтер – 22 910, Сұлтановтар – 22 808, Юсуповтар – 22 763 адам, Ысмаиловтар – 21 392, Нұрғалиевтер – 21 133, Кәрімовтер – 20 575 адам. Сонымен қатар, айта кетейін, Қазақстанда Мұрат деген фамилиясы бар 10 006 адам тұрады», — деп жазды ол Facebook парақшасында.

Дереккөз:baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *