Атырауда меценаттардың қолдауымен велоспорт мектебі ашылды

239

Атырау облысының меценаттары қайырымдылық аукционы барысында балалар веломектебіне қажет жабдықтар алу үшін 35 млн теңге сыйға тартты. Жоба мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды  Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Веломектеп балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған, онда 10-16 жас аралығындағы 80 бала велосипед шеберлігін меңгереді.  Бұл спорт түрі бойынша секция Атырауда алғаш рет ашылып отыр.

Атақты спортшылардың құралдары мен коллекциялық велосипедтер аукционы Bike Ride Atyrau — 2018 бірінші қайырымдылық веложарысы барысында өтті.

Жалпы Атырау облысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында меценаттардың қолдауымен 1200 орындық 6 балабақша, 2500 орындық 8 спорт кешені салынды. «Ретропарк», «Сазанқұрақ», «Атамекен», «Жеңіс» демалыс саябақтары да пайдалануға берілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *