«Ең сұлу» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

727

10 мамырда «Арман» кинотеатрында режиссер Қанағат Мұстафинның «Ең сұлу» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. «Ең сұлу» фильмі қазіргі қоғамның өз суретінен таспаланған кинокартина десек болады. Қыз бен жігіт арасындағы шынайы сезім, махаббаттың құны өлшенеді.

Комедия жанрында түсірілген кинокарнтина «16 қыз» фильмінің жалғасы емес. Бұл кинотуындыда  «16 қыз» фильмінің кейіпкерлері ғана қатысады. Фильмнің басты кейіпкері Самат ауылда тұрады. Жасы жер ортасы отызға жетсе де, үйленбеген. Қызға сөйлеспейді емес, сөйлеседі. Оның ішкі жанымен үйлесетін қыз әлеуметтік желіден табылады. Болашақ қалыңдығы Әсел алматылық ару. Екеуінің әңгімесі мен әзілі жараса түседі. Саматпен бала кезден бірге өскен  Бауыржан досын үйлендіруді қолға алады. Ол Саматты қатерлі ауыруға шалдықты деп ойлайды. Дәрігерден жеткен медициналық анықтамада солай жазылған. Осылайша, екі дос Әселді іздеп қалаға жол тартады. Фильмнің желісі ауыл оқиғаларымен қоса өріледі. Күлкілі оқиғалар жиі орын алады. Цин әулетінің ХIV ғасырдағы құмырасының мұражайдан ұрлануы кинодағы шиеленісті шарықтата түседі. Криминал комедиялық фильмнің кейіпкерлері  тек қазақ тілінде сөйлейді. Актерлық құрам образға лайық ойын көрсетеді. Блоггер актриса Әсел Асқар заманауи қазақ қызының қырын ашады. Екі кейіпкердің мінез-құлқы мен қылықтары арқылы қазіргі қазақ әйелдерінің образын паш етеді.  Егіз қыздың үлкені менмен мінезді болса,  сіңілісі яғни, Саматтың болашақ қалыңдығы қарапайым қаланың қызы. Цин әулетінің көне ғұмырасын ұрлаған күдіктілерді қолға түсіру үшін полицейлер түрлі әрекет етеді. Шенділер  қызмет бабын сақтау үшін қалайда құмыраны табуы керек. Комедияда түрлі тағдыр иелері тоғысады. Барлығы алға қойған мақсаттары мен бағыттарына жетулері парыз. Қылмысқа жол берсе де, бірін-бірі қайталай отырып, діттеген мақсаттарына жетеді. Құмыра табылады. Самат сүйіктісіне кезігеді. Адамның ішкі құндылығы әлеуметтік желі арқылы байқалады. Ал қатерлі дертке шалдыққан Саматтың мысығы екен. Күлкілі оқиғағаның бастауы мысықтан басталған еді.                                                                                                                                                                                                        Алтын Бейімбетқызы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *