«Рухани жаңғыру» аясында іс-шаралар өтті

931

Жалпы есімдерден жалқы есімдердің ерекшеліктері мен маңыздылығы жайында ғылыми зерттеулердің қажеттілігі мен қатар қоғамдағы алатын орны өз алдына айрықша екені бесенеден белгілі. Сонымен қатар бұл жайында үнемі айтылып келеді. Бүгінгі таңда кез келген атауға қатысты түрлі көзқарастар мен даулы пікірлер туындап жатқаны да белгілі. Оған дәлел ретінде жер-су, мекен, мекеме, көше атаулары мен кісі есімдеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден түрлі мақалалар мен пікірлерді оқып жатамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде жарнама тілінің өзектілігі мен ондағы орын алған қателіктер де сөз болып отырғаны жасырын емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының студенттерден құрылған мүшелерінің ұйымдастыруымен бесінші рет өткен республикалық конференциясы жоғарыда айтылған мәселелерді қарастырып, ат/атаудың қоғамға, адамға әсері, атауларға қатысты аңыздар мен жастардың пікірлері талқыланып келеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Фараби оқулары» аясында «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты студенттер мен оқушылардың V Республикалық  конференциясы өтті.

V Халықаралық «Фараби оқулары»  аясында  V Республикалық  конференциясына Алматы Менеджмент университеті, Алматы облысы Қаскелен қаласының Сулейман Демирел атындағы университеттің студенттері, Тараз Иновациялық Гуманитарлық университетінің студенттері, IT колледжінің оқушылары, Қаскелен қаласының «Алтын ауыл» мектебінің оқушылары, Қызылорда облысы Қармақшы облысы Жуалы ауылының оқушылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің география  және табиғатты пайдалану факультеті мен филология және әлем тілдері факультетінің студенттері қатысты.

Жыл сайын өтетін конференцияның өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктері орын алатыны белгілі. Ал биылғы конференцияның ерекшелігін атап өтер болсақ, конференцияның ашылуы дәстүрлі «Аханов оқулары» атты Халықаралық конференциямен тұспа тұс келгендіктен пленарлық мәжілісі бірге әл-Фараби кітапханасында басталып, артынан А.Аманжолов атындағы дәрісханада жалғасын тапты.

Жыл сайын өтетін конференция талабы бойынша жиналған мақалалар іріктеліп, тексеріліп «Қазіргі кісі есімдерінің ерекшелігі»; «Тарихи жер-су атауларының қазіргі қоғамдағы рөлі»;  «Жарнама тіліндегі жалқы есімдердің қолданылуы» бағытындағы жұмыстар қабылданды.

«Ономастикалық атаулар және қазақ әліпбиі кеңістігінде: проблематикалық мәселелері және шешу жолдары», «Қазақ жастарының есімдері мен есім қоюға қатысты көзқарастар», «Ата таңдауы», «Рухани жаңғыру: Жетісу өңірі топонимдерінің семантикасы», «Қазақ географиялық терминдерінің әлемдік кеңістіктегі маңызы», «Жарнама тілінің ерекшеліктері» және т.б. оқушылар мен студенттердің қызықты баяндамалары тыңдалып, талқыланып, сұрақтар қойылып, оң пікірлер айтылды.

Талап бойынша ең үздік баяндамалар 1, 2, 3 орын тағайындалып дипломмен марапатталды. Баяндама барысында қазіргі қоғамымыздағы тақырып бойынша  ат/атау мәселелері мен жарнамаға қатысты қызықты зерттеулер сөз болып, талқыланды.  Сонымен қатар сауатты орындалған, оны дұрыс жеткізе алған және нақты дәлелдері бар баяндамашыларға тиесілі болды. Жалпы қатысушылар мен жетекшілеріне сертификат табысталды.

Жалпы конференцияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қамтылып, ата-бабамыздың, ұлтымыздың ат қою мәселесі назардан тыс қалмады. Келешекте  тіл мен ұлт жанашырларымыздың көбейетінін оқушылар мен студенттер тағы да дәлелдеп өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері

кафедрасының профессоры Г.МАДИЕВА,

оқытушылар: П.МЕДЕТБЕКОВА, А.ЖҰМАБЕКТЕН




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *