Намысың қайда, қазақ қызы?!

64

Елімізде аралас неке, шетелге күйеуге шығу деген мәселе кеңінен етек жайып келеді. Тіпті, қазір қоғамды ондай жаңалықпен таң қалдыра алмайсыз. Дегенмен, өзге ұлт, өзге елден күйеу іздейтін бойжеткендерге қарап, бұларда намыс жоқ па, әлде олар бұндай некені әлеуметтік жағдайын жақсарту деп түсіне ме деген ой туындайтыны заңдылық. Шетелге күйеуге шығатын қыздар кімдер? Шетелдіктермен отау құратын орыстілді қыздар дегенге келісесіз бе?

«Кубадағы үйлену тойынан кейін Әселіміз көзін ашып, төсегінен тұрса киімдері жуылған, тіпті үтіктеліп те қойған, таңертеңгілік ас та мұны күтіп тұр екен. Ол сол сәт өзін үйде емес, қонақүйде тұрып жатқандай сезініпті.
Бұдан әрі де Әсем кубалықтар және өзі қалап қосылған жігіті жайлы аузынан су құрып, тамсана әңгіме­лейді. Кубалық ер азаматтарға сүйікті­сі­мен бірге романтикалық кешкі ас ұйым­дастыру, күнделікті гүл ұсыну тән-мыс.
Жас шаңырақта өмірге келген сә­биді жуындырып, тамақтандыратын, киіндіретін, сондай-ақ үйді ­жинап, тамақ пісіретін, кір жуатын ­Александр екен». Толығырақ, «Ана тілінен» оқыңыздар.

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=47947




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *