Демалыс күндері елімізде найзағайлы, жаңбырлы, бұлтты ауа райы күтіледі

648

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Ал оңтүстік-батыста ауа райы қалыпты болады.

 Кейбір жерлерде  жел күшейіп, тұман түседі, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында дауыл болып, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-23 м/с, күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Дереккөз: Baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *