Елімізде мектеп бағдарламасы жеңілдейді

281

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде типтік оқу жоспарларын жеңілдету бағытында жұмыстарға кірісті.

 «Сарапшылардың көпшілігі біздің балалардың мектептегі жүктемесіне ауыр екенін растап отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы назар аударған еді. ТМД және ЭЫДҰ елдерімен салыстырсақ, біздің типтік оқу жоспарларымыздың артық жүктемесі бар. Қазіргі кезде министрлік тиісті жұмысты іске асырып жатыр, осы орайда жұмыс тобы құрылды. Бұл бағытта сарапшылармен, әдіскерлермен және педагогтық қоғамдастықпен консультациялар жүріп жатыр», – деді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, мектеп  бағдарламасын жеңілдету жұмыстарына сарапшылардың пікірі маңызды болмақ.

«Оқу бағдарламасын жай ғана қысқарта салу қисынсыз әрекет. Бұл ретте білім саласы алдында тұрған мақсаттарды ескеру керек, сонымен қатар қоғам үшін қажет мектеп түлегіне қойылатын талаптар пысықталуы тиіс. Сондықтан осы өзекті мәселелерді ескере отырып, шешім қабылдау қажет. Сәйкесінше, бұл бағытта білікті сарапшылар өз бағасын беруі орынды болар еді»,-деді.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *