Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочи қаласына барды

Биыл Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы Сочиде өтеді. Сочидегі басқасуға  қатысуға  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барды. ЖЕЭ кеңесте 15 мәселе қаралады деп жоспарланған. Кеңесте интерграция және цифрлық технологияларды дамыту мәселесі талқыланады. Еуразиялық экономикалық басқосудың отырысында цифрлық жүйеге көшудің бағдарламасы басты назарда болады. Сондай-ақ,  ЕЭК кеңес барысында  Армения мен Қырғызстан одақ алдында есеп береді.

«Алдыңғы жоғары Еуразиялық кеңес отырысында Президенттер деңгейінде қабылданған шешімдер бойынша есеп тыңдалады. Цифрлық сауданы енгізу бойынша бастамалар талқыланбақ. Бұл еркін сауда аймағында тауар айналымы мен жалпы ішкі өнім көрсеткішін арттыру үшін қажет. Өткен жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда айналымы 26 пайызға өсті. Ал 2018 жылдың 2 айында 14 пайызға жетіп отыр»,-дейді ҚР Ұлттық экономика вице министрі Дана Жүнісова.

Кеңес отырысында күн тәртібіне қойылған мәселе одаққа мүше елдер арасындағы қызмет көрсету жеңілдігі қаралады. Одаққа мүше мемлекеттер өзарасында  қызмет түрлеріне  қарай  салық салмауы мүмкін.  ЖЕЭ кеңеске мүше мемлекеттер арасында жұмыс істейтін заңды тұлғалар тіркелмесе болады.

«Одақтас елдер арасында 43 қызмет түріне қатысты жеңілдіктер жасауға келісім бар. 2022 жылға дейін 18 cекторды соған өткізу жоспарланған. Қазір соның 9-ын қарап, талқылап жатырмыз. Сонымен бірыңғай 51 қызмет түрі жеңілдетіліп, толықтай соған  өтеді»,-деп ЕЭК экономикалық  және қаржылық саясат жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

Дереккөз: 24.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *