Сығанақ – этнотуризм орталығы

318

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы аумағындағы Сығанақ қалашығында археологиялық жұмыстар қолға алынып жатыр.

Көне қала орнындағы археология­лық жұмыстар биыл да жалғасын ­тауып отыр. Қазіргі күні бұл ауқымды істі Түркістан қаласындағы Қожа ­Ахмет Ясауи атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы жүргізіп келеді. Ал қайта қалпына келтіру ша­ралары «Қазқайтажаңғырту» РМК мекемесіне жүктелген. Облыстың тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау орталығының ­директоры Сапар Көзейбаевтың айтуынша, қалашықтың шығыс қақпасы бұ­рын­ғы қалпына келтіріледі. Ол ес­керт­кішті қалпына келтіру жұмысы үш кезеңнен тұратынын атап өтті. «Биыл сәуір айында ­баста­лып, ­тамыз айына дейін жал­ға­са­тын ­болады. ­Нысанды қал­пына келтіру жұмыстарына 30-ға жуық адам тартылды, қаржыландыру рес­пуб­­ликалық және жергілікті бюджет есебінен жүргізіліп жатыр» деді С.Көзейбаев.
Ауданға жасаған сапарында қаладағы қазба жұмысы барысымен танысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев археологтармен жүздесіп, Сығанақ қалашығын жан-жақтан турис­терді тартатын тарихи-мәдени орта­лыққа айналдыру жөнінде айтты.
Қызылорда облысында ор­наласқан Сығанақ, Шірік-Рабат, Жанкент қалашық­тары секілді ежелгі түркі тайпаларының астаналарын қалпына келтіріп, туристік кластер жасалмақ.

Назерке Нұғыман




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *