Елімізде Ми-8 тікұшақтары құрастырылады

124

Қазақстанда Ми-8 тікұшақтары құрастырылады. Бұл туралы  Үкімет сағатында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Енді әскери сала мен ауыл шаруашылығына жаңа әуе қызметінің септігі тиетін болады. Сонымен бірге жыл соңына дейін 10 әскери-авиация ұшағы, 4 әскери-тасымал ұшағы күрделі жөндеуден өтеді. Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, қорғаныс саласындағы өнімдерді шетелге экспорттаудың тиімділігі бар. Өткен жылы салада арнайы теледидарлар мен оптикалық құралдарды сату арқылы  қазына қорына 2 миллиард шамасында  кіріс әкелді.

«Биыл Еврокоптер санатындағы барлық тікұшаққа техникалық қызмет көрсету құқығына ие болдық. Біз посткеңестік кеңістікте рұқсат қағазы бар жалғыз орталықпыз. Қазіргі таңда Астанадағы біздің орталықта Ресей, Украина, Орталық Азия және Монғолияның тікұшақтарын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ жауапты министрлік жаңа әскери стандарттар әзірлеу үшін 3,5 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Осы мақсатта мыңнан астам құжат дайындалады. Олар алдағы 3-5 жыл көлемінде қабылданбақ. Өткен жылы ресейлік типтегі 48 техниканы меңгердік. Бұл – МиГ және Ми ұшақтары. Сондай-ақ біз арнайы оттегі-тыныс алу аппаратын, тікұшақ пен ұшаққа арналған жылыту жүйесін өндіреміз әрі экспортқа шығарамыз»,-дейді Бейбіт Атамқұлов.

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *