ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

86

Бүгін «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Үркер» журналы бас редакторының орынбасары, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жарас Сәрсектің туған күні. Ердің жасы – 50 жасқа келген мерейтой иесіне шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, шығармашылық жетістіктер мен бақытты да баянды ұзақ ғұмыр тілейміз. Алдағы өмірде әлі де талай асуларды бағындырып, үлкенге сыйлы, кішіге үлгі болып, көрер қызығыңыз молынан болсын! Еңбекте табыс, отбасыңызға береке тілейміз!

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 15-мамыр күні кешкі сағат 17.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық драма театрының қара шаңырағында Жарас Сәрсектің «Жаныңда жүрмін…» атты шығармашылық кеші өтеді. Мерейтой иесін құттықтаймын деушілерге есік ашық!

«Қазақ газеттері» ұжымы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *