«Google Drive» атауы «Google One»-ға өзгеріп, қолжетімді бола түсті

Google компаниясы құжат сақтаушы бұлты Google Drive атауын Google One деп өзгертіп, бағаларын жеңілдетті. Бұдан былай Google One қызметін пайдаланушы  200 гигабайт жад сыйымдылығын пайдалану үшін айына $2,99 төлейді. Ал,  2 ТБ $19,99-дан $9,99-ға арзандаған.

Сондай-ақ, Google One сақтау кеңістігін отбасы мүшелерімен бөлісетін функцияны да қосқан. Бұған дейінгі тарифте 100 ГБ сыйымдылыққа жазылған ($1,99/ай) қолданушылар енді Google өнімдері мен қызметтері туралы компания мамандарынан онлайн кеңес ала алады.  Бұрын тәулік бойы қолжетімді Google Experts қызметі тек  G Suite бизнес аккаунттарына ғана мүмкін болатын. 15 ГБ тегін квота өзгеріссіз қалады. Ал, $9,99 бағаға берілетін  1 ТБ  тариф енді жоқ. Осыған дейін 1 ТБ жадқа ақылы жазылғандар енді 2 ТБ ала алады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *