Алматыда Рамазан айында ауызашар дастарханы жайылады

73

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаевтың қатысуымен брифинг өтті

Брифинг барысында Ораза қатысты мәселелер талқыланды.

Рамазан – тақуалық, береке мен бірлік, әрі мейірім мен жақсылық айы. Оразада жасалған әрбір жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Хадисте айтылғандай, «адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады».

Ғылыми зерттеулер мен шариғи мәтіндерге сүйене отырып, ҚМДБ ғұламалар кеңесі отандық астрономиялық зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып Рамазан айының бірінші күні – 17 мамыр деп бекітті. Сондай-ақ маусым айының 11-нен 12-не қараған түн – Қадір түні деп жарияланды. Айт мерекесі болжам бойынша 15-ші маусымға сәйкес келеді.

Алматы қаласындағы 8 ауданның барлық мешіттерінде кешкі ауызашар дастархандары жайылып, ифтар таратылатын болады. Ал, Алматы Орталық мешітінде күнделікті 500 адамға дейін ауызашар дастарханын ұйымдастыру жоспарлануда.

Бүгінгі күнге дейін әрбір мешіттерде діни сауаттарын көтерген жамағатқа арналған «Раббым! Білімімді арттыр!» интеллектуалдық сайысы және «Умра кімге бұйырады?» сайыстары Орталық мешітте күнделікті (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері) аср намазы мен ақшам намаздарының ортасында өткізіліп отыратын болады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы 49 мешітте тарауық намазы өткізілсе, оның 45-інде тарауық намазы Құран Кәрім толықтай хатым етіледі.

Мешіттердегі тарауық намаздарының түнгі сағат 24.00-ге дейін жалғасып, кеш аяқталатын болғандықтан келуші жамағаттың үйлеріне қайту мәселесі ескеріліп, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен қала бойынша 4 бағытқа (Саина көшесі, Алматы-1 теміржол бекеті, Талғар трассасы және Достық даңғылы бағыттарында) жүретін бағытты автобустар кестесі ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 14 маусым аралығында әр кеште сағат 24:00-ге дейін созылады.

Рамазан бойы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен әрбір мешіттер мен жамағаттың қауіпсіздіктері ІІО қызметкерлерінің бақылауы күшейтіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *