Әлемдік саяси оқиғалар мен дағдарыстар кезінде журналистиканың атқарар рөлі мен маңызы қандай?

Жер бетіндегі климат секілді саяси метеорология да үнемі өзгеріп отырады. Әлемдегі түрлі экономикалық-саяси санкциялар, әскери қарулы күштер, дипломатия мен БАҚ-тың сөз бостандығына кедергі келтіретін әрекеттер қоғамда орын алуы бүгінде таң қаларлық емес. Осындай кезеңдерде  журналистиканың рөлі қандай?

Бұл сұрақ Еуразия медиа форумында талқыланады. Жиынға қатысатын спикерлер: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Кайрат Абдрахманов, Италияның экс премьер-министрі Маттео Ренци, БҰҰ-ның  Женевадағы бөлімінің  меңгерушісі Давид Чикваидзе, АҚШ-тың (2011-2014) Қытайдағы Елшісі Гэри Лок.

Сессия модераторы «Пулитцер» сыйлығының иегері, «Нью-Йорк Таймс» газетінің колумнисті Николас Кристоф болады.

Сонымен қатар, БАҚ  болған жерде сары басылымдар мен бұрмаланған жаңалықтар, арандатушылар мен жалған ақпараттардың болуы қалыпты. Әрі жалған ақпаратты қолдан жасайтын мүдделі топтардың да бар екенін ескеру қажет. Ақпараттық технология дамыған заманда фейк-жаңалықтар жасау, оны әлеуметтік желілер арқылы тарату тіпті оңай. Осындай әрекеттердің қоғамға кері әсерін тигізетіні белгілі.  Алдын алу жолдары қандай? Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир, «New Day Strategy» компаниясының басшысы, саяси стратег Роджер Фиск, журналист, саясаткер, құқық қорғаушы Андрей Бузаров, Zaborona.com  жобасының негізін қалаушы, тележурналист Катерина Сергацкова, «Hashtag our stories» негізін қалаушы Юсуф Омар сынды саясаткерлер мен журналистер сөз қозғайтын болады.

Қазіргі таңда Еуропалық Одақ еуропалық тұрақтылық пен өркендеудің іргетасы болып саналады. Алайда, соңғы жылдардағы саяси қиындықтар мен әлемдік оқиғалар Еуроодақты айналып өтпегені рас. Осындай қиыншылықтарда Еуроодақтың атқарар рөлі қандай? Болашағы мен мүмкіндігі қандай? Бұл проблемалар медианарықта қалай талқыланып жатыр? Осы тақырып төңірегінде ой бөлісер спикерлер қатарында Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саймон Макги, Италия парламентінің мүшесі, саяси қайраткер журналист Дебора Бергамини және тағы басқа айтулы әлем саясаткерлері бар. Шара модераторы: жазушы, тележүргізуші, BBC Europe арнасының редакторы Гэвин Хьюитт.

Осы және өзге де өзекті тақырыптар Форумның екінші күнінде талқыланады.

Форум үстіміздегі жылдың 22-24 мамыр күндері Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде  өтеді.

XV Еуразиялық Медиа Форумға тіркелу 18-мамырға дейін жалғасады. Тіркеу үшін http://eamedia.org/ru/ сілтемесіне өтуге болады. Орын санаулы.

Жалпы, үш күнді қамтитын шараға 500-ден астам отандық және әлемдік танымал спикерлер, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысып, медиа саласының өзекті мәселелері қозғалады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *