Смартфонда латын әрпі қолжетімді бола бастады

72

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тіліне негізделген латын әліпбиінің  пернетақтасы қолжетімді бола түсті. Кез келген адам App Store және Android жүйесіндегі пернетақтаны ұялы телефонына жүктей алады. Бағдарлама Qazaq Latin Keyboard деп аталады. Бұл туралы Resmihat.kz онлайн-порталының тұсаукесерінде айтылды. Қос бағдарлама да қазақ тілін үйреніп, латын қарпінде оңай жазуды қамтамасыз етуді мақсат еткен. Қазірдің өзінде ешбір жарнамасыз демо-нұсқасын бес мыңға жуық қолданушы ұялы телефонына орнатып үлгеріпті.

«Біз бұл клавиатураны жасаған мақсатымыз — арнайы жүктеп алсаңыз, ішінде кириллица да бар, қазақша-орысша, ағылшынша да бар, латынша бар. Жастар қолдансын деп жасадық және ішіндегі әріптерді орналастырғанда да біз саралап-сараптап адамға қалай ыңғайлы, солай етіп жасадық», — дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев. 

Дереккөз: tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *