Еуропа кубогынан Қазақстандық дзюдошылар екінші орын алды

69

Ресейдің Оренбург қаласында дзюдодан  ашық Еуропа кубогы жүрілді. Әлемнің 16 елінен 279 татами шебері белдесуде күш сынады.

Қазақстаннан 27 дзюдошы қатысқан болатын. Еліміздің спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, олар Еуропа кубогының кестесінде екінші орынға тұрақтады.

Жарыстың бірінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақта Қазақстан сапынан татамиге шыққан Нұрлан Оразалин жеңіс тұғырына көтерілді.  Ал дәл осы салмақта Мадияр Сембаев Еуропа кубогының  қола жүлдесіне қол жеткізді. Қыздар арасында жүрілген дзюдодан  Назгүл Маратова 78 келіге дейінгі салмақта күмістен алқа тақса, 70 келіге дейінгі салмақта Ажар Салықова қоланы қанжығалап қайтты.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *