ҚазҰУ-да халықаралық конференция өтті

61

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Ғ.Мұтановтың төрағалымен «Қаржы, экономика және өмір жайлы ғылымдардағы кері есептер» атты халықаралық конференция өтті. Конференция ҚазҰУ-дағы «Математика және механика» ғылыми зерттеу институтымен, Есептеу математикасы және математикалық геофизика институтымен, Новосибирск мемлекеттік университетімен (Ресей), сондай-ақ Шанхай Қаржы және экономика университетімен (Қытай), Тяньцзинь қаржы және экономика университетімен (Қытай) және Қытай математикалық қоғамымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.Мұтановқа, Есептеу математикасы және математикалық геофизика институтының директоры С.Қабанхинге және ҚазҰПУ-дің бірінші проректоры, профессор М.Бектемесовке қолдау мен ынтымақтастық үшін зор алғысымызды білдіреміз! Сіздердің арқаларыңызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің базасында жаратылыстану ғылымдарындағы кері және қисынсыз есептер бойынша жас ғалымдарға арналған қысқы мектеп-семинары бесінші рет өткізілуде.

Конференция мақсаты әртүрлі бағыттардағы кері және қисынсыз есептерді шешудің қазіргі заманғы сандық әдістерін дамыту саласындағы соңғы жетістіктерге қызығушылық танытқан әлемнің әйгілі ғалымдарын шақырып, өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен бөлісу, сондай-ақ қолданбалы математиканың есептерін зерттеуді бастаған жас мамандардың зерттеулерін талқылау болды.

Халықаралық ғылыми конференцияға математика және математикалық модельдеу саласында 70-тен астам ғалым қатысты. Соның ішінде: Ресей ғалымдарының 20 өкілі, Қырғыз университеттерінің 10 ғалымы және қазақстандық университеттер мен ғылыми ұйымдарының 40-тан астам жетекші–ғалым  өкілдері қатысты. Конференция экономика, қаржы және өмір жайлы ғылымдардың кері және қисынсыз есептерін шешудегі ең келешегі зор бағыттардың қызықты баяндамаларын тыңдады.

Конференцияның барлық қатысушыларына, баяндаушыларына тыңдаушыларға алғысымызды білдіреміз және сіздерді келесі жылы 2018 жылы көруге үміттіміз!

 С.ҚАСЕНОВ,

А.ТЕМИРБЕКОВ

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *