Абаев Астана күнін тойлауға бөлінген қаржы туралы пікірімен бөлісті

9

Министр Астана мерейтойын атап өтуге бөлінген бюджет бірнеше мемлекеттік органның қаражатынан құралғанын атап өтті.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысынан кейін әлеуметтік желілерде көп талқыланып жүрген Астана күнін тойлауға бөлінген қаржы туралы әңгімеге түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

«Мен кейбір жайтқа тоқтала кеткім келеді. Астана – бұл біздің еліміздің бет бейнесі. Дәл осы елордамызбен еліміздің тәуелсіздігі тығыз байланысты. Астананың 20 жылдық мерейтойы ең алдымен, шенеуніктер үшін емес, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тойланада. Астана күнін тойлауға бөлінген бюджет бірнеше мемлекеттік органның қаражатынан құралған. Бұл қазір көбі айтып жүргендей, несиеге алынған ақша емес. Бұл қарастырылған қаражат, сондықтан мен мұны қалыпты баға деп санаймын. Мұнда ешқандай мәселе туындамауы қажет. Тексеруші органдар кез келген уақытта бөлінген қаражаттың дұрыс пайдаланылуын тексере алады», — деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы аймақтардың елордаға жасап жатқан сыйлықтары жөніндегі сұраққа да назар аударды. Қоғамның пікірінше, аймақтар қазір елордаға өз еріктерінен тыс сыйлықтар жасап жатыр.

«Самал ықшам ауданы мен саябақ арасында салынып жатқан жаяу жүргіншілер мен велосипед жүргізушілеріне арналған көпір Астана қаласының әкімі үшін емес, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін салынып жатыр. Ең алдымен, балалар үшін салынуда. Астана күнін тойлап болған соң, сіздер баға туралы бірден ұмытып, ондаған жыл бойы сол көпірді пайдаланасыздар. Сондықтан бұл мәселеге дұрыс баға бере білейік. Меніңше, еліміздің дамуына үлес қосқысы келмейтін аймақ әкімдерінен пікір білдірулерін сұрау қажет», — деді министр.

Айта кетейік, Астана күнін тойлауға бөлінетін қаражат 19 млрд теңгені құрайды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *