Зорлық көрген балалардың бет-әлпеті мен оларға қатысты ақпарат жариялауға тыйым салынды – Абаев

24

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2017 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, халық алдында есеп берді.

Ол министрліктің өткен жылдың соңында Ақпарат және коммуникациялар бағытындағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізгенін атап өтті.

«Мысалы, зорлық көрген немесе басқа да құқық бұзушылықтардан зардап шеккен балаларды қорғау мақсатында олардың бет-әлпеті мен балаға қатысты ақпараттарды жариялауға тыйым салынды. Көпшілік шоғырланған жерлерде мемлекеттік органдар мен ұйымдар тек отандық арналарды көрсету қажеттілігі туралы міндеттеме белгіленді», — деді Абаев.

Сондай-ақ ол белгілі бір төтенше жағдай бола қалғанда өкілетті орган үш сағат ішінде бұл туралы жан-жақты ақпарат беретін хабарлама жариялауы қажет екенін айтты. Заңға «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруға негізделген кешенді нормалар енгізілген. Сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құратын және сараптайтын, жобалау процесін жеделдететін бағыттар бар.

«Балаларды интернеттегі деструктивті ақпараттардан қорғау үшін өткен жылы министрлік байланыс операторлары мен «Болашақ» қауымдастығымен бірлесіп білім беру интернет жобасын іске қосты. Бұл жобада балаларға арналған қауіпсіз интернет-сервистерді, танымдық және ойын түріндегі бағыттар қарастырылған 3500 астам сайт бар», — деді министр.

Дереккөз: baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *