Латын әліпбиінің көкжиегі

761

Латын әліпбиі, Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Z әріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар.

 Б.з.б. 7 ғасырдада әлемде кеңінен қолданыпкеле жатқан Латын әліпбиі. ХХ ғасыр аяғынан  ХХІ ғасырда   Қазақстан республикасы үшін үлкен өзгерістер еңгізілуде. Әлем болып жатқан алуан өзгерістерден көштен қалмай іргелесіп Қазақстан республикасыда дамып келеді. Елімізде қазіргі таңда өзекті мәселесінің бірден – бірі ол тіл.  Атап айтар болсақ барлығымызға мәлім латын әрпіне ауысу. Латын әрпін қозғаған кезде міндетті түрде Ы.Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспа сөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы туралы айта кету керек.

Сонымен А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастаған. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде жарық көре бастады. Қазақ жазуына, тіліне ыңғайлысы ол «Арап» әріптері еді. А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі А. Байтұрсынұлының реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы әліпбиді негізге алған жаңа жазуы (ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла басталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері де қолдана бастапты. 1924 жылы Орынборда маусымның 15 – сіндегі мәжілісінде А.Байтұрсынұлы «Әліпби тақырыпты» деген баяндама жасайды. Ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы съезде дәлелдейді. Әліпби (графика) қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған, икемделіп, өңделген (реформаланған) араб алфавитінің он сипаттарын (қасиеттерін) көрсетеді де, латынға көшкенде, латын әліпбиін қолданушы Еуропа халықтары тіліне түркі жұрттарының қатысы жоқ дей келіп, «латын әліпбиін тұтынған (еуропалық) жұрттар орыстың орнында болып, аузына қарап… Онда алуға мағына бар дер едік» деп ойын орнықтыра түседі. А.Байтұрсынұлының осы баяндамасын және латын таңбаларын алуды қостаған Алаш арысы, біртуар мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұловтың баяндамасын талқылап, екі әліпбидің оң-теріс жақтарын сарапқа салып қарағаннан кейін, съезд: «Қазақ тұтынып отырған түрік (араб таңбалы) әліпбиінің баспа түрін дара болмауы баспа ісіне де, үйрету жағына да қолайсыздық қылатын болғандықтан, ол қолайсыздықтан құтылу үшін түрк әліпбиінің өзін түзету өзге әліпби алудан анағұрлым оңай болғандықтан, түрк әліпбиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алу керек» деп А.Байтұрсынұлы реформалаған және баспа түрінің де нұсқасын ұсынған араб жазу негізіндегі қазақ әліпбиін қабылдау керек» деген қара ұсынды. (Қазақ білімпаздарының  тұңғыш съезі. Орынбор. 1925).

1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкіл Одақтық Түркологиялық съезде  барынша дәлелдеп, қазақтардың латынға көшуіне  қарсы болды. Бұрыннан пайдаланып келген әрі нақтылы бір ұлт тіліне лайықталып, реформаланған  араб (мысалы, қазақтардікі сияқты), не орыс (мысалы, сол кезде чуваштар қолданып отырған) графикасын латыншаға ауыстырудың ешкандай не саяси – идеологиялық, не экономикалық тиімділігі жоқ, сауат аштыру, оқыту ісінде де лайықталған араб графикасы мен қабылданбақшы латын жазуының бір-бірінен артық не кемдігі шамалы, керісінше, жазу таңбасын өзгерту сан ғасырлық жазба мұрадан, жазба дәстүрден қол үздіреді дегенді айтты.

ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ мәдениеті, жазба тілі үшін графика (әліпби) мәселесі мен қазақ жазуы емлесі жайындағы әңгіме баспасөз беттеріндегі пікірталастар түрінде әлеуметтік үнге ие болды. Бұл – қазақ рухани-мәдени дүниесінің едәуір көтерілгенін, ұлттық проблемаларға бара алатын зиялы топтың, мәдени күштің жетіле бастағанын танытты. Қазақ жазбасы сан ғасыр бойы қолданылып келген, ХХ ғасырдың басында реформаланып, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне лайықталған, кезінде үлкен ғалымдар (ПоливановЯковлев т. б.) «Байтұрсынов жазуы» деп, ал А.Байтұрсынұлының өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны басталды. Осылайша А.Байтұрсынұлының қазақ халқына, қазақ тіліне үйлестіріп қайта сұрыптап жасаған, өзінің әліпбиі мен бірге халқының сауат ашып, қара тануына зор еңбегін сіңіріп қана қоймай осы жолда бар ғұмырын сарп етті десек артық болмас.  Ал қазіргі заман «Ақпараттық технология заманы». Кім не істеп, не үйренемін десе де жолы ашық. Мектеп қабырғасындағы оқушыдан зейнеткер қарияға дейін латын әліпбиін (толық болмаса да ішінара) танымайтын адам шамалы. Өйткені заман талабына сәйкес, экспорт, импорт, тауар жазбалары, телефон сөздіктері, электрондық поштамен хабарласу (ватсап), интернет сайттары, кейбір шетел тілін үйрену үшін осы латын алфавитін қолданады. Осындай қолайлы жағдай сәтін пайдаланып, мемлекетіміз латын әліпбиіне ресми түрде көшкені тиімді.

1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкіл Одақтық Түркологиялық съезде қазақтардың латыншаға көшуіне белгілі себептермен қарсы болса, қазіргі таңда дәл осы себептермен латын әліпбиіне көшу тиімді болып отыр және осы жайлы Президент Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап көрсетті. Сонымен бұл мәселе бойынша біздер де, Елбасының айтқан сөзін қолдап, латын алфавитіне көшудің жолдарын қарастыруымыз қажет секілді. Сондықтан бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану талабын ескеретін, жиырма астам тәуелсіз тарихы бар жаңа тұрпатты Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық бейнелей алатын әліпби қажет. Латын әліпбиіне көшу  жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр.
Білім саласының маманы және қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдаймын. Себебі, дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу
озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі. Балаларымыз да осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам      игеретін болады.

Г.БЕЙСЕНБЕКОВА,

А.САЛИМХАНОВА,

А.ТЕМИРБЕКОВ,

Н.НУГЫМАНОВА




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *