Қорқынышты түс көрудің себебі неде?

1

Біз неге қорқынышты түстер көреміз? Мұның  бірнеше себептері бар. Мысалы күйзелістер мен дәрі-дәрмектерді қабылдау түнгі  шошынуыңызға тікелей себепкер.

Ұйқыға кеш жату

Ұйқының жиі қанбауы мен  аз ұйықтау және ұйықтау алдында әр түрлі кинофильмдер көру қорқынышты түстерді көруге ықпал етеді.

Күйзеліс

Біздің күндізгі уақыттағы эмоцияларымыз мидың ұйқыдағы қызметіне тікелей әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, ағза түстер арқылы күндізгі эмоцияларымызды пысықтайды. Австралиялық ғалымдар жаман түстердің ағзаның  күндіз жақсы қызмет етуі  үшін,   мазасыздықпен және үреймен күресуге көмектеседі деген болжамды жоққа шығарды.

Өмірге көңіл толмаушылық

 Фин ғалымдары маусымдық күйзелістен зардап шегетін адамдардың қорқынышты түс көруге бейім болатындықтарын  анықтады. Сондықтан жиі күйзелуден аулақ болыңыз, күйзеліске түсуден сақтаныңыз.

Дәрі-дәрмектер

Егер сіз күйзеліске қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдасаңыз, жаман түс көруге бейім болуыңыз мүмкін. Мұндай дәрілерді ішер алдында дәрігермен кеңескеніңіз жөн.

Ұйқы алдында тамақтану

Ас қорыту процесі ми қызметіне әсер етеді. Сондықтан ұйқыға кетер алдында шамадан көп тамақтанған болсаңыз, ұйқысыздыққа шалдығуыңыз әбден мүмкін. Түн ішінде қарныңыз ашса, жеңіл-желпі тағамдарды жегеніңіз дұрыс. Мысалы: йогурт, жеңіл салат немесе  бір түйір ірімшік.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *