Марк Цукерберг Еуропаның парламент депутаттарына баяндама жасайды

Келер аптада Марк Цукерберг Бельгия астанасы Брюссельде Еуропа парламент депудаттарымен кездесу ұйымдастырады.  Бұл туралы «Ассошиэтед Пресс» агенттігі хабарлады.

Цукерберг фейсбук қолданушыларының жеке құпиялылығын сақтауды одан әрі жетілдіру жайлы  депудаттарға баяндама жасайды. Өткен наурыз айында Ұлы Британиядағы зерттеу орталығы әлеуметтік желіге эксперимент жасаған болатын. Зерттеу бойынша 87 миллион фейсбук қолданушыларының жеке мәліметтері әшкереленгені белгілі болды. Осыдан кейін  аталған іске жауаптылар «Фейсбук» компаниясына бірден шағым түсірді. Себебі, Еуропа елдерінің саяси және діни мәселесі фейсбук арқылы жиі талқыланады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *