Алматыда жексенбілік велошеру өтеді

42

20 мамырда «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған төртінші велошеру өтеді. Велошеру қатысушалары әдеттегідей сөреге «Нұрлы Тау» бизнес орталығында 08:30-да жиналады, ал спорттық шара 09:00-де басталады. Бұл жолы да қатысушылар 9 шақырым қашықтықты бағындырады. Әуесқойлар Әл-Фараби даңғылынан Жароков көшесіне дейін түсіп, одан соң, сол көшеден бұрылып, қайта Әл-Фараби даңғылына оралады. Велошеру «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінің маңында аяқталады. Сөреде әуесқойларға арнайы нөмірлер таратылады, осылайша олар лотореяға қатысуға мүмкіндік алады. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, ал бағы жанған басты сыйлық, велосипедтің иесі атанады. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға өзінің қауіпсіздігі үшін арнайы бас киім (шлем) киіп келулерін сұрайды. Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің төртіншісі саналады.

Дереккөз: 24.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *