Астанада 300-ге жуық отбасы баспаналы болды

94

Астанада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 292 пәтері бар жаңа тұрғынүй кешені пайдаға берілді.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Қошқарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа үйдің тұрғындарына 292 пәтердің кілтін табыс етті. 292 пәтері бар жаңа тұрғын үй кешені «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында қала әкімдігінің тапсырысы бойынша салынып, пайдалануға берілді. Жаңа баспана иелерінің 146-сы үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз топтары санатына  жататын азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкеҚоныс тойы иелерін құттықтай отырып, Әсет Исекешев елордадағы баспананың қолжетімділігі халықтың барлық санаттары үшін жылдан жылға артып келе жатқандығын атап өтті.

«Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні сіздер үшін қуанышты хабардан басталды. Әкімдіктің құрылымын өзгерту аясында қазіргі таңда азаматтарды кезекке қоюмен, баспананы ұсынумен айналысатын арнайы мекеме  жұмыс істейді. Жұмыстың жаңа форматы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл мыңнан астам пәтері бар 6 ТК пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Олардың жалпы ауданы 60, 58 мың шаршы метрді құрамақ. Сол себепті бізді күтіп тұрған қуанышты жаңалықтар аз емес. Барлығыңызды қоныс тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын!», – деді Әсет Исекешев.

Баспанаға қолы жеткендердің  бірі Дина Қапашева 8 жыл бойы бір үйге зар болыпты. Енді ол өз үйінде баласымен тұрады. Тұрғынүйдің базынасын басынан кешірмейтініне  риза кейіпте екен.

«Мен 2010 жылдан бері бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде үй кезегінде тұрдым. Шынымды айтсам, уақыт мен үшін өте баяу өтті. Ал, бүгін мұның бәрі болмаған сияқты. Енді менің үш бөлмелі пәтерім бар. Мұнда ұлым екеуміз тұрамыз. Шаңырағымыз жанға толып, келінімізбен, немерелерімізбен осында тату-тәтті тұратын боламыз», – дейді жаңа пәтердің иесі.

Дереккөз: bnews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *