Қыздар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты болып өтті

77

Астанада бокстан қыздар арасындағы ел чемпионаты жүріліп өтті. Қазақстан чемпионы болуға  әр өңірден  76 бұрымды былғары қолғап шебері қатысты.  Ұлттық құрама сапында жүріп халықаралық турнирлерде жүлде алып жүрген қыздар жақсы ойын көрсетті. Ел чемпионатының қорытындысы бойынша 10 салмақ дәрежесінде өткен жарыста жалпыкомандалық есепте Астана қаласының боксшы қыздары көш бастады. Олар 3 алтын 2 күміс медаль жеңіп алды. Алматы қаласынан барған боксшы қыздар 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен екінші орыннан көрінді. Үздік үштіктен Ақмола облысы көрінді. Олар 2 алтын 3 қола медаль еншіледі. Қызылордалық Ақерке Бақытжан (69 кг) мен қарағандылық Милана Сафронова (64 кг) ел чемпионатында алғаш рет топ жарды. Ақерке финалда алматылық Баян Ақбаевадан басым болса, Милана Азия чемпионы Мәдина Нұршаевадан мықты екенін дәлеледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *