Алматыда жоғалған қыз табылды

36

Алматы облысында 21 күн бұрын  ізім-ғайым жоғалған  Милана Изукаева табылды. 17 жастағы жасөспірім оншақты күн құрбысының үйінде жасырыныпты. Жоғалған қызды полицейлер Алматы қаласынан тапқан.

«Мектеп оқушысын іздеуге Талғар ауданының және облыстың полицейлері жұмылдырылды. Кеше кешкісін Милана Изукаева Алматы қаласынан табылды. Ол дін аман. Осы уақытқа дейін  құрбысының үйінде жасырынып жатқан. Жасөспірім ата-анасының қолына табысталды», — деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Милана Изукаеваның аяқ астынан жоғалып кетуі бірінші рет емес. Осыған дейін де жасөспірім қыз түсініксіз қылықтарға барған екен. Қазір полицейлер жасөспіріммен  кезекті  профилактикалық іс-шара жүргізіп бастады. Айта кетсек, Талғар ауданындағы Қайнар ауылының тұрғыны 25 сәуірде үйінен айтпай  шығып кеткен. Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге хабарласып, суретін әлеуметтік желіге таратқан еді.

Дереккөз: inform.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *