Кембридждік ғалым қартаюды тежеудің тәсілдерін айтты

50

Кембридждік ғалым, «Sens» ғылым қорының төрағасы Обри ди Грей қартаюды тежейтін ғылымның жаңа қадамдары туралы әңгімелеп берді.

«Бізге қартаю проблемаларын шешуде жаңа қадам керек. Бұл мәселені менен басқа да ғалымдар көтерген болатын. 100  жыл бұрын адамдар осыны түсіне бастады. Сондықтан да бізде геронтология деп аталатын ғылым бар», — деп тоқталды Обри ди Грей ХІ АЭФ аясындағы сессия барысында. Оның сөзіне қарағанда, қартаю проблемасын тек оның алдын алу арқылы ғана шешуге болатынын адамдар түсіне бастады. Осы орайда, ең бастапқы кезеңдерінде бұл процесті тоқтатуға назар аударылды. «Әлемде кейбір жануарлардың басқаларына қарағанда, айтарлықтай ұзақ өмір сүру фактісі адамдарды жігерлендіре түсті. Анықтап көрейік, «неліктен кейбір жануарлардың қартаю процесі ұзақ?». Бұл ретте, сіздер бұл жақсы идея деп бірден ойлар едіңіздер, алайда бұл қадамдар да нәтиже бермеді. Неге? Шын мәнінде біздің ағзадағы болып жатқан процестердің күрделі жүйесіне ықпал ете алмаймыз. Сонымен қата,  ұзақ өмір сүру үшін бұл процестерді қадағалауға қауқарсызбыз. Біз метаболизмді баяулатуға тырыспаймыз, сонымен қатар патологияларды алдын алуға ұмтылмаймыз. Біз тура орта жолды ұстанып, бұл процестерді бір-бірінен ажыратамыз. Басқа сөзбен айтқанда, ағзаның зақымданған бөліктерін қалпына келтіреміз. Егер де осыны тұрақты түрде іске асырсақ, біз метаболизмді дәл сол деңгейінде қалдыра алуымыз мүмкін. Осы қадамға келу үшін адамдарға мұнша ұзақ уақыт керек болғаны таңғалдырады. Себебі біз осыны шын мәнінде жасап жатырмыз»,-дейді шетел ғалымы.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *