Мамандар адамның өмір жасын ұзартуды қарастырып жатыр

236

Астанада «Ұзақ жасау әлемі» және «Ұзақ жасау экономиканың жаңа саласы» тақырыбы аясында экономикалық форум өтіп жатыр. Әлем елдерінен келген медицина мамандары ұзақ жас жасаудың жауабын қарастырып көрді.Өмір сүру ұзақтығын арттыруды экономика драйверіне қалай айналдыруға болатыны да ортақ пікірге айналды. Мамандардың айтуынша, ғылым мен технологияның қарқынды дамуымен адамдардың өмір жасы ұзарып келеді.

«Адамның қартаюын тежейтін, тіпті кәрілікті жоятын технологияларды дамытудың екі бағыты бар. Алғашқысы – білім саласына мән беру, қаржыландыру. Болжам бойынша кәрілікті тежейтін препараттар көптеп жасалып жатыр. Олар алдағы 7-8 жылда нарыққа шығуы да ықтимал. Екіншіден, осындай технологиялардың қолданысқа енуіне кедергі жасайтын заңдарды және өзге де мәселелерді шешуіміз керек. Әдетте жаңадан шыққан технологияны қолданысқа енгізу өте қиын. Әрине, клиникалық хаттама керек. Дегенмен оңтайландыру қажет»,-дейді форумда Lifespan.io краудфандинг платформасының директорлар кеңесінің мүшесі Елена Милова

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *