Сенат төрағасы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысымен кездесті

206

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсім институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев БҰҰ құрылымдарындағы бірлесе атқарған қызметі мен осы маңызды халықаралық ұйымды реформалау ісіндегі ынтымақтастықты ризашылықпен еске алды. Сенат Төрағасы 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттары мен Климат жөніндегі Париж келісімі секілді іргелі құжаттардың қабылдануына Пан Ги Мунның үлесін ерекше атап өтті.

«Қазақстан БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы басты рөлін нығайтуды дәйекті түрде жақтап келеді. Оның басшысы болған кезіңізде қолға алған басымдықтар біздің еліміздің барлық бағдарламалық құжаттары мен жүргізіліп жатқан реформаларында көрініс тауып отыр», — деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Пан Ги Мун жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерін жоғары бағалады және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы еліміздің нәтижелі қызметін атап өтті.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *