Данэлия Тулешова Алматыда алғашқы ән кешін өткізеді

193

Украиналық «Голос. Дiти» байқауының жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова Алматыда ән кешін өткізеді.

«MEGA Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығындағы амфитеатрда Данэлия «Голос. Дiти» байқауында орындаған әндерді, авторлық әндерді және жаңа каверлерді, жалпы алғанда 10 ән орындайды. Концерт 27 мамырда кешкі сағат 18:00-де басталады.

«Мені қолдайтындарға шын жүрегіммен алғыс айтамын және бұл ән кешімді менің жанкүйерлеріме арнаймын. Мен аздап уайымдап тұрғанымды жасырмаймын, бәрі жақсы өтсе екен деп тілеймін. Қалай болғанда да бұл менің алғашқы концертім. Сүйікті Алматы қаласында сіздермен кездесетінім үшін қуанам!» — дейді Данэлия Тулешова.

Дереккөз: baq.kz

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *