Головкин белбеулерімен фотосессия жасады

144

WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Санта-Моникадағы (АҚШ, Калифорния штаты) Wild Card West бокс клубында өткен фотосессияға қатысты.

Былғары қолғап шебері  барлық белбеулерімен суретке түсті. 5 мамырда Головкин чемпиондық титулдарын жиырмасыншы рет қорғап, олардың саны бойынша аты аңызға айналған Бернард Хопкинспен тең түсті. Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін америкалыққа қарағанда, екі жыл аз уақыт жұмсаған: GGG 2010-2018 жылдары титулдық қорғау өткізді, Хопкинс — 1995-тен 2005 жылға дейін. Головкин өзінің соңғы айқасында америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) екінші раунда нокаутқа жіберді. Бұл Геннадийдің кәсіби мансабындағы отыз төртінші уақытынан бұрын аяқталған жеңісі болды.

Дереккөз:24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *