Сочиде Владимир Путин мен Башар Асад кездесті

186

Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия басшысы Башар Асад бейсенбіде Сочиде кездесіп, келіссөздер жүргізді.

«Бүгін Сочиде Путин мен Башар Асад кездесті. Асад ресми сапармен Сочиге келді», — деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Песковтың айтуынша, кездесу барысында екі ел басшылары саяси реттеуді жаңғырту үшін қосымша жағдай жасау қажеттігін атап көрсеткен.

Бұған қоса, Путин Асадты террористік құрылымдармен күресте үкімет күшінің елеулі табыстарға жетуімен құттықтаған.

Бұдан бұрын Асад Сочиге 2017 жылдың 20 қарашасында барған. Ол кезде Путин Сирия басшысын Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың басшылығына таныстырған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *