Асқар Мамин QazaqGeography төрағасына тағайындалды

273

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин QazaqGeography ұлттық географиялық қоғамының төрағасы болып сайланды.

Бұл шешім 19 мамыр күні Астанада Назарбаев университетінде QazaqGeography ұлттық географиялық қоғамының кезектен тыс съезінде қабылданды. Съезд жұмысына QazaqGeography қамқоршылық және басқарушы кеңестері және белсенді мүшелері қатысқан. Онда ұйымдастыру мәселелері, атап айтқанда, QazaqGeography төрағасы атты жаңа лауазымды енгізу жайы талқыланған. Дауыс беру қорытындысы бойынша, жаңа лауазымға Мамин Асқар Ұзақбайұлы сайланды. Сондай-ақ, жиналыста төраға туралы ереже қабылданып, QazaqGeography жарғысына сәйкес өзгертулер енгізілді.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *