Алматыда ағылшын тілін үйрете бастайды

233

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағылшын тілін тегін үйрететін курс басталады. Оған қатысу үшін алыстан ат терлетіп келудің қажеті жоқ — дейді жобаны ұйымдастырушы «U 38»университеттер альянсы. Профессорлар курсты онлайн режимде жүргізеді екен. Сондықтан ағылшын тілін Қазақстанның кез келген жерінен үйренуге болады. Қатысушылар үшін 7 сабақ дайындалған. Яғни, тіл меңгерушілер қалаған уақытында курсқа қосылып білім ала алады. Айта кетсек, онлайн курс тілді жаңадан үйренушілерге арналмаған.

«Бір деңгей керек ағылшын тілінде. Оны біз «PreIntermediate»дейміз. Яғни, сіз осы деңгейде өзіңіздің ойыңызды жинақтай аласыз. Өзіңіздің сөздік қорыңыз бар. Бұл курстың ерекшелігі — сіз сол ойларыңызды дұрыстап, мазмұндап, аудиторияға бағыттап, лексикалық тұрғыдан соны дұрыстап жеткізе алатын боласыз»,  — деді Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТ университетінің доценті Перизат ЕЛУБАЕВА.

Дереккөз: almaty.tv




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *