17 жастағы мектеп оқушысы 10 адамның өмірін жалмады

169

Техас штатының Санта-Фе қаласында жартылай автоматты винтовка, тапанша және бытыралы мылтықпен қаруланған 17 жастағы ер бала өзі оқитын орта мектепте оқушыларға оқ атты. Қанды оқиғадан 10 адам – 8-10 жас аралығындағы тоғыз бала және мұғалім қаза тауып, тағы ондаған адам жарақат алған.

Үлкен спорт сөмкесін асынған мектеп оқушысы сыныпқа кіріп, сөмкесінен қару алып шығып, оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, ол үстіне «Өлтіру үшін туған» деген жазбасы бар жейде киген. Оқ атпас бұрын ол «Тосынсый» деген сөз айтқан. Кейіннен қылмыскердің есімі белгілі болды – Димитриос Пагуртзис. Оның көлігінен жарылғыш заттар мен «Молотов коктейльдері» табылған. Ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Күдікті абақтыға жабылған және оған жаппай кісі өлтіру бойынша айып тағылып отыр. Ал Техаста мұндай қылмысқа өлім жазасы кесіледі. Қазір Техас штатында қаралы күн жарияланды. Барлық мемлекеттік мекемелердегі ту бес күн бойы төмен түсіріледі.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *