Алматылық түлектер ҰБТ-ға дайын болды

148

Биыл Алматы қаласында 9100 оқушы мектеп бітіреді. Оның 7300-і ұлттық бірыңғай тестілеуге тілек білдірген. ҰТБ маусымның жиырмасынан бастап бірінші шілде аралығында өтеді. Тестілеу бойынша төменгі шектік 50 балды жинай алмаған үміткерлер  ақылы түрде оқуға түсу үшін тамыз және қаңтар айларында қайта тесті тапсырады. Осы жылы түлектер ұлттық бірыңғай тестіні қазақ, орыс және ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндігі бар. ҰБТ комитетінің айтуынша, тестілеу өтетін Ұлттық университеттерде бейнебақылаулар орнатылады.

«ҰБТ ережесіне өзгеріс енгізілді. Онда мемлекеттік грантты бөлу кезінде балдары бірдей болған кезде «Алтын белгі» иегерінің мүмкіншілігі жоғары болады. Мысалы, екі бала бір мамандыққа таласып тұрса, екеуінің де балы 120 болса, бұл жерде «Алтын белгі» алған баланың мүмкіншілігі жоғары болады»,-дейді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *