Алматы облысының шаруалары Қытай мен Иранға ет экспорттайды

138

Алматы облысының шаруалары биылдан бастап көршілес Қытай Халық Республикасы мен Иранға ет экспорттай бастайды. Алакөл ауданындағы мал шаруашылықтарының бірі етті бағыттағы Абердин Ангус пен Герефорд тұқымды сиырларды өсірумен айналысады. Ондағы ірі қара саны 15 мың басқа жетті. Алдағы уақытта мал бордақылау алаңы мен ет комбинаты салынады. Мұндай өндірістік цикл өз кезегінде шетелдерге тұрақты түрде ет экспорттауға мүмкіндік береді. Жоңғар Алатауының баурайында орналасқан бұл шаруашылыққа бес жыл бұрын Австралиядан 5 мың бас зеңгі баба төлі әкелінген еді. Абердин-Ангус пен Герефорд тұқымды сиырлардың саны бүгінде 15 мыңға жеткен. Бұзаулары ыстық пен суыққа шыдамды келеді. «Біз малды қамамаймыз, ашық алаңда тұрады. 50 мың гектар жайылымдық жерге күн көзінен қуат алатын қоршаулар орнатылған. Электрленген қоршау малшының жұмысын атқарады әрі сиырларды түрлі аурулардан қорғайды», – дейді кәсіпорын басшылары.

Дереккөз: 24. kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *