Өскемен көшелерінде Wi-Fi тарататын шамдар жана бастады

264

Қазірдің өзінде облыс орталығының негізгі көшелерінде ақылды жарық шамдар орнатылды. Қазір Қазақстан көшесін түнгі уақытта самаладай жарқыратып тұр. Жарық берумен қатар Wi-Fi тарату, ұялы байланыс желісін кеңейту секілді бірнеше функцияны да қатар атқарады.

Жарық шамды іске қоқан LED Solution алдағы уақытта  америкалық Ubicell компаниясымен бірлесіп жұмыстамақ. Компания екі айда  Өскемендегі бес орталық көшеге  501 көше шамын орнатқан.

– Біз жарық диодты шамдарды шығарумен айналысамыз. Бұрын шам ғана шығарсақ, енді күш біріктіріп олардың технологиясын, былайша айтсақ «миын» қолданып, ақылды шамдар шығарып жатырмыз. Бұл шамдар бұрынғыға қарағанда жарықтығымен қоса, 65 пайызға дейін үнемділік әкеледі, — деді шамдарды таныстыру рәсімінде LED Solution компаниясының директоры Қаныбек Айтақов.

Компания өкілдері облыс әкімі Даниял Ахметовпен өткен кездесуде жарық шамдардың қатарын арттыруды қарастырды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі қайырымдылық ретінде Орталық мешіттің қабырғалық шамдарын ақылды шамға айырбастауды тапсырды.

– Ең бастысы, компания бәсекеге қабілетті екендігін іс жүзінде көрсетуі тиіс. Сіздердің айтқандарыңыз көңілге қонымды. Тағы бір мәрте көзімді жеткізу үшін бүгін түнде қала көшелерін тағы бір аралап көріп шығамын. Байқаймын, Қазақстан көшесі мен Орталық мешіт маңы жарық бола түскендей, — дейді Даниял Ахметов.

Дереккөз: altaynews




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *