«Астана – Ұлы дала елордасы» байқауы

179

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысына орай, «Qadam Intech» қоғамдық ұйымы «Астана – ұлы дала елордасы» атты журналистер мен блогерлер аралық байқауын өткізу бойынша баспасөз маслихатын  өткізді. Онда байқаудың мақсаттары мен шарттары туралы кеңінен айтылды. Спикерлер  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Еркебұлан Кенжеболатов, актер, блогер, вайнер  Серік Шәріп,  «Qadam Intech» қоғамдық ұйымының бас директоры Мақсат Дүйсебаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Тілшілер қауымын елорданың 20-жылдық мерейтойы мен өмірі туралы жарықтандыруға жұмылдыратын байқаудың жүлде қоры жеті миллион теңгені құрайды.  Байқауға қатысушылар жеті номинация бойынша бақ сынайтын болады:

  1. Үздік телевизиялық сюжет
  2. Баспа басылымдарындағы үздік мақала
  3. Үздік радиоматериал
  4. Интернет-ресурстардағы үздік материал
  5. Әлеуметтік желідегі үздік шығарылым
  6. Үздік фотоматериал
  7. Үздік вайн

Байқауға қатысушылар

  1. Материалдың дұрыстығы
  2. Өз ойын жеткізудің шеберлігі мен кәсіпқойлығы
  3. Материалдың қоғамда кеңінен талқылануы
  4. Жұмыстың шығармашылық өзектілігі
  5. Материалда көрсетілген жетістіктің өзектілігі және шығармашылық талдаудың тереңдігі белгілері бойынша іріктеледі.

Байқауға қатысу үшін  astana20 jyl.kz  ресми сайтында онлайн өтініш қалдыру қажет. Өтініштер ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *