Алматыдағы Орталық саябақ қайта жаңартылады

381

Бүгін Алматы қаласының  әкімі Бауыржан Байбек Орталық мәдениет және демалыс саябағына барды. Қала әкімі саябақты аралап, қайта қалпына келтіру жұмысымен танысты. Орталық саябақты басқарушы компания қалпына келтіру жұмыстарына 1,6 миллиард инвестиция құйған. Саябақты қайта жаңарта бастағалы бері біраз ағаштар отырғызылыпты. Сонымен бірге саябақ орталығындағы көлік тұрағы есебіндегі асфальтбетон төселген аумақтарға шектеу қойылды.

«Жаңарған саябақ аймақтарға бөлінеді, мұнда тегін скейтодром, воркаут және командалық ойындар алаңдары бар спорт аумағы, балалардың жаңа қалашығы пайда болады. Жаңа әрі заманауи аттракциондар жасалады. Таяу арада тротуарларды жөндеу басталады, жарық көздері орнатылып, су бұрқақтары жаңарады. Заманауи талапқа сай келмейтін сауда нысандары алынып тасталады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасы бойынша сонау 90-шы жылдан бері жұмыс істемей тұрған «Велотрек» қайта жөнделеді» — деді компания басшысы.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *