Астанада дауылдың зардабынан бірнеше ғимарат бүлінген

629

Бүгін Астанада  желдiң жылдамдығы 21 м/с жетті. Қазгидрометтің хабарлауынша 5 минут бойы дауыл соққан.

ТЖД ресми өкілінің мәліметіне қарағанда түскі бір мен екі кезінде 300 қоңырау түскен. Ауа райының тосын құбылысынан 10 адам зардап шегіп, 9 тұрғын қаладағы  ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

«Түскі бір шамасында қатты жел тұрып, дауыл соқты. Әп-сәтте қаланың мазасын қашырған дауыл ғимараттарға кәдімгідей әсер етті. Ұйытқып соққан жел Достық үйіне, яғни бұрынғы Бейбітшілік және келісім сарайына да залал келтірді. Тіпті кейбір жерде шатырдан құлаған заттар көліктерді зақымдағаны жайында ақпар бар. Құрылыстың бірінде кран құлады. Желдің жетегіне ерген орындық, ұшып түскен әлдебір сынықтың фотосуреттері әлеуметтік желілерде тұр. «Бүгін желдің қатты ұйытқуынан Астананың Түркістан көшесі ауданында құрылыс краны құлады, сонымен қатар Бейбітшілік және келісім сарайының витражды терезелеріне зақым келген. Бұған қоса қатты дауыл Ұлттық мұражайдың қасбет плиткасын зақымдап, Мичурин ауылындағы №3 мектептің шатырын және Астана қаласындағы жеке үйдің шатырын жұлып әкеткен», – деп ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Р.Иманқұлов дауыл жайлы мәлімдеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *