ҚазҰУ-ым – мақтанышым

421

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз еліміздің жоғарғы оқу орындарының арасында шоқтығы биік, қашанда дара тұратын білім ордасы. Бұл мәртебеге қол жеткізу оңай болған жоқ. Аталған оқу орны мәртебелі жетістіктерге құрылған күннен бүгінгі уақытқа дейінгі ғасырға жуық 80 жылда, қалыптасу мен дамудың, бірнеше буын өкілдерінің, университет басшыларының, жалпы оқытушы-профессорлар құрамының қажырлы еңбегінің нәтижесінде жетіп отыр.

Түркі халықтарының халықаралық конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Түркі елдері арасындағы үздік ЖОО» атағын берді.

ҚaзҰУ-дың үздік унивeрситeттeр қaтaрындa eкeнін QS World University Rankings хaлықaрaлық рeйтинг нәтижeлeрінeн бaйқaуғa болaды. Қaзіргі кeздe унивeрситeт ұжымы мeн бaсшылығының бaрлық күш-жігeрі Eлбaсының aлғa қойғaн міндeтін жүзeгe aсыруғa жұмылдырылғaн. Қaзaқстaнның әлeмдік білім-ғылым кeңістігіндeгі орнын тұрaқтaндыру, aдaм кaпитaлы мeн білімгe сүйeнгeн экономикaны дaмытуғa үлeс қосу.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиада алауын жағу салтанаты бұйырды. 2017 жылдың   29 — қаңтар күні ҚазҰУ-де Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбектің қатысуымен өткен, бас қаламыз Астанада басталып, барлық қаламызды шарлап, бізге келіп жеткен Универсиада алауын жағу салтанаты өтті. Универсиада алауын ҚазҰУ студенті, Жастар комитетінің төрайымы  Айсұлу Ерниязова жағып, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекке табыстады. Қала әкімі алау эстефетасын Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге жеткізді. Алау ұстаған жандармен бірге бүкіл қазақ даласы жеңіске аяқ басқандай. Тарихта аты  қалатын әлемдік Универсиаданың болашақ жастарды тәрбиелеуге, елінің нағыз патриоты болып қалыптасуына ықпал етері анық. Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Қытай, Ресей және т.б. елдердің спортшылары Универсиданың ашылу салтанатына жоғары бағаларын беріп, ұлттық киім үлгілерін интернет парақшаларына жазып жатты.

Университетімізде дәстүрге айналған «Қош келдің, әз-Наурыз» мейрамын университет деңгейінде атап өтті.

Биылғы мейрам киелі қарашаңырақ өмірінде алтын әріптермен тарихта қалатын ерекше көріністе орын алып, университет аумағындағы екі бірдей субұрқақ салтанатты түрде ашылды. Жалпы университет аумағында жыл сайын көптеген жаңа нысандар бой көтеріп студенттердің білім, ғылымға құштарлығын арттыра түсуге барынша жағдай жасалып келеді.

Жиында сөз алған ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Бүгін еліміздегі ең үлкен дәстүрлі мейрам ұлыстың ұлы күні әз-Наурызды атап өтіп отырмыз. Тарих қойнауынан бастау алған ұлық мерекені табиғаттың бізге берген үлкен сыйы деп білемін. Күн мен түн теңесіп, жарқын болашаққа қадам бастыратын көктемнің алғашқы күні де келіп жетті. Оның маңыздылығын, тарихын, көлемділін ескере отырып, қазіргі таңда ЮНЕСКО әлемдік деңгейдегі мейрамдардың қатарына қосқаны біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан да, наурыз мейрамын болашақтың мейрамы деп қабылдауымыз керек. Биылғы жылдың ерекшелігі университетіміздің жеткен жетістіктері де баршамызды әрқашан қуантады. Атап айтар болсақ, QS Агенттігінің 2018 жылы жүргізген дербес бағалау қорытындылары бойынша ҚазҰУ «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінің «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісін Қазақстанда алғаш болып иеленген Орталық Азия аймағындағы тұңғыш университет болды. Қазақстан ЖОО орындары арасында гуманитарлық ғылымдар бойынша QS пәндік рейтингісінің 150 тобына енуі, «Университеттердің әлеуметтік жауапкершілік желісі» (USRN) беделді ұйымының мүшесі атануымыз, ҚазҰУ-дың БҰҰ тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабына айналуы, университет ұсынған жоғары оқу орындары дамуының жаңа тұғырнамасы – 4.0 университет үлгісі және басқа да биік белестеріміз университет ұжымының атқарған шынайы еңбегі деп білемін. Бүгінгі кештің өтуіне де атсалысып жатқан әріптестеріме алғысым шексіз» деген ректор Наурыз әр шаңыраққа құт береке, толағай табыс пен ырыс алып келсін!» деп игі тілегін арнады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев: «Бүгін Алатаудың баурайында көктем мерекесінің Ұлы тойы Наурыз кең көлемде тойланып жатыр. Наурыз халқымызда мамырға дейін созылатын Ұлық мереке саналады. Мерекеде ҚазҰУ қалашығында субұрқақ ашылып, ата-салтымызға тән игі дәстүрлер өз жалғасын тауып келеді. Іргесі сөгілмес – бірліктің мерекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі туған жер топырағына бақыт береке сыйласын»,- деп ақ ниетін білдірді.

Сан ұлттың бақытты Отанына айналған тәуелсіз еліміздің бейбіт өмірі мен бақуатты тірлігін паш еткен, тамыры терең тарихынан бастау алатын, татулық пен бірліктің ұйытқысына айналған жасампаз елдің әз Наурыз мерекесін әрмен қарай университетіміздің оркестрі күмбірлеген күймен жалғап, дүйім жұрттың қошеметіне бөледі.

Ұлыстың ұлы күнінде ҚазҰУ қалашығының тұрғындары мен студенттері қазақы салт-дәстүрдің барлығын сақтап, бұта ағаштарды отырғызуды да ұмытпады.
ҚазҰУ қалашығында Алматы қаласы әкімдігі, ҚазҰУ басшылығы, дипломатиялық корпус өкілдері қолдарына күрек алып, ағаш отырғызу рәсіміне жұмыла қатысты. Жылбасында тал егуырымыбұлмерекеде де тысқалмады.

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Тазалық апталығы» байқауында «Үздік оқу ғимараты» номинациясы бойынша I орынды тарих, археология және этнология факультеті, II орынды география және табиғатты пайдалану мен механика және математика факультеттері, III химия және химиялық технология, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеттері жеңіп алды. Мерекелік шарада ұйымдастырылған «Үздік факультет», «Үздік құрылымдық бөлімше» сынды басқа да номинациялар бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар арнайы марапатқа ие болды.

Салтанатты шарада жиналған қауым киіз үйде дайындалған дастарханнан дәм татып, домбыра шанағынан күй төгіліп, қыздар мың бұрала би билесе, сал-серілік қырынан танылған жігіттер қауымы әуелетіп әуезді ән шырқады, қол күрестіріп білек күштерін сынасты. Аға буын өкілдері жастарға баталарын беріп, шежіреден сыр тарқатылды. Көк қылаулап, бәйшешек бүр жаратын жаңару күнінде бір-бірімізге тек игі тілеп, алдағы атар күнімізден тек жақсылықты күтейік. Бақуатты еліміздің бірлігі мен тірлігін көрсете білген ҚазҰУ осындай ұлан асыр той жасап, мерекелік бағдарлама жастарға арналған би кешіне жалғасты.

ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.

 Н.НУГЫМАНОВА

Г.БЕЙСЕНБЕКОВА

А.САЛИМХАНОВА

А.ТЕМИРБЕКОВ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *