Елімізде «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этно-мәдени фестивалі өтеді

3

9-10 маусымда Алматы қаласындағы «Боралдай» археологиялық паркінде «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» Халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді. Фестивальға Түркия, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Украина, Дағыстан, Қалмақ Республикасы, Өзбекстан, Якутия, Бурятия, Саха Республикасы және Қырғызстан елдерінің үздік өнерпаздары қатысады

Фестивальға жиналған халық көшпенділердің өткен дәуіріне саяхат жасайды. Түрлі іс-шаралар, викториналық ойындар мен сайыстардан сыйлықтар ұтып алып, қызықты шеберлік сабақтарына қатысып, көңіл көтереді. Мысалы, жігіттер күш сынасып, палуандар сайысына түссе, қыз-келіншектер ұлттық тағамдарды ескі тәсілдермен дайындаудың құпиясымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасында «Ең әдемі ұлттық киім» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.

«Ұлы дала –көшпенділер әлемі» Халықаралық фестивалінде:

● Көш шеруі

●Этноауыл

● Ат құлағында ойнайтын шет елдік және қазақстандық шабандоздардың сан түрлі өнері

● Әлемнің және Қазақстанның ең үздік этномузыканттарының өнері

● Ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, қыз қуу, асауға тұсау салу, теңге ілу, жамбы ату

● Ұста, зергер, қолөнерші шеберлердің, ұсталардың өнері

● Ұлттық тағамдарды дайындау мен қолөнерден шеберлік сабақтары

● Балалар алаңы

● Алтыбақан

● Жастар аймағы

●Құсбегілер, мергендер мен палуандар сайысы, отбасылық жарыстар

● Гала-концерт

Фестиваль 9-10 маусым күндері таңертеңгі сағат 10.00 – 19.00 аралығында өтеді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Боралдай» археологиялық паркі. Тұрғындарды фестиваль аймағына жеткізу жағы да қарастырылған. «Орталық стадион» аялдамасы мен «Астана» алаңы және «Саяхат» аймағы мен «Алатау» дәстүрлі өнер театры маңынан әр 30 минут сайын арнайы автобустар жүреді. Фестивальға кіру тегін.

Бұл – сіз бен біздің тарихымыз! Ұлы даланың мәңгілік дастанын бірге жырлайық!

Дереккөз: Baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *