Дариға Назарбаева ақпараттың көзге көрінбейтін сарбаздарын атап көрсетті

60

Интернет журналистика саласында блогерлер  аудиторияға жылдам ақпарат таратып, тез танылып та жүр. Еуразиялық медиа форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қазіргі журналистиканың озығы мен кемшілігіне тоқталды.

«Ашық интернет алаңы тек қана талантты журналистерге ғана есік ашқан жоқ. Сонымен қатар, ақпараттық соғыстың көзге көрінбейтін сарбаздарына да жол ашты. Фейктермен трольдер  жалған ақпарат шығарып, қоғамдық пікірге ықпал ете бастады. Олардың қасында таблоидтер абыройлы болып отыр. Ғаламтордың қарқынды дамуы, әлеуметтік желілердің өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны әлемді түбегейлі өзгертті. Девайстар мен гаджеттер қолжетімді. Бұл кез-келген адамның медипроцеске қатысуына кепілдік беріп отыр. Блогерлер мен желілік авторлар беделді журналистермен бәсекеге түсіп жатыр. Соның кесірінен ірі басылымдар тираж жоғалтуда. Кез келген смартфоны бар адам репортаж, деректі фильм түсіре алады. 2005 жылы пайда болған Youtube видеохостингі миллиондаған аудиторияны жинайтын авторлардың алып студиясы болып отыр», — деді Дариға Назарбаева.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *