Обыр дертінің пайда болуының тағы бір себебі анықталды

99

Адамның іс-әрекеті мен түрлі саладағы қызметі обыр дертінің дендеуіне себеп болуда. Ғалымдардың айтуынша, адамның шаруашылық және өндірістік іс-әрекеті  тұрғындарға ғана емес, қоршаған орта мен табиғаттағы жан-жануарларға да теріс әсер етіп, обыр дертінің өршуіне әкелуде. Зерттеушілер бірнеше зиянды факторларды атады: атмосфера мен гидросфераның химиялық ластануы, ядролық қондырғылардағы радиациялық сәулелену, пластик қалдықтарының жиналуы, пестицидтердің көптеп қолданылуы. Аталған зиянды факторлар жануарлар арсында да обыр дертін тудыруда. Бұдан басқа денсаулықтың нашарлауына гормоналды ауытқулар мен тәуліктік ырғақтың шатасуына әкелетін сәулелік ластану әсер етеді. Ағзадағы мұндай өзгерістер обыр дертінің пайда болу қаупін бірнеше есеге арттырады. Обырдың  жабайы табиғаттағы жануарлардың барлығында дерлік болатыны анықталғанымен, жануарлардың түрлі популяцияларындағы сырқаттарға байланысты деректер жоқ болғандықтан,  әзірге нақты қорытынды жасалмай отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *