Халықаралық жастар семинарының ашылуы

297

2018 жылдың 21 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде DAAD «Шығыс-Батыс диалогы» жобасының іске қосылуына арналған Фрайбург қаласының Жоғары педагогикалық мектебі (Германия), Шешен мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) қатысуымен «Халықаралық алмасулардағы күнделікті мәдениет: Жастар сәні — жаһандану және көркемдік тоқыма» халықаралық жастар семинары ашылды.

Халықаралық жастар семинарының басты мақсаты – Шығыс пен Батыс оқытушылары мен студенттері арасындағы отандық және шетелдік мәдениет пен сән туралы ашық диалогқа жағдай жасау.

Халықаралық семинардың ашылуына Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, DAAD Ақпараттық орталығының жетекшісі Бартоломеус Минковски, Халықаралық ынтымақтастық және стратегия департаментінің басшысы Иоханес Лебфромм, Фрайбург қаласының Жоғары педагогикалық мектебінің Бейнелеу өнері институтының профессорлары Анна-Мария Грундмайер және Улрике Вайс, Алматы облыстық «Вайнах» шешен мәдени орталығының жетекшісі  Адам Бойсаев, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия- биология бағытындағы кәсіби бағдар беру орталығының жетекшісі Салтанат Дәрімбетова, сонымен қатар Фрайбург қаласының Жоғары білім беру мектебінің, Шешен мемлекеттік педагогикалық университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты.  Ректор Такир Балықбаев жастар семинарына қатысушыларды құттықтап, жобаның негізгі қатысушылары — болашақ мұғалімдер алдағы уақытта өздерінің эстетикалық және мәдениетаралық дағдыларын студенттерге бере алатындықтарын атап өтті. Сән әлемі әр түрлі елдерден келген жастарды біріктіретін әмбебап мәдени кодекс болып табылатындығын, мәдениеттердің өзара байланыстылығын, халықтарды жақындастыруға және мәдениетаралық коммуникацияларды дамытуға ықпал ететіндігін айтты. Семинардың бірінші күні қонақтарға Университетке экскурсия ұйымдастырылды.
Екі апталық семинар барысында қатысушылар сән өнерін әлеуметтік және эстетикалық тәжірибе ретінде бірлесіп зерттеу мүмкіндігіне ие болады. Үш елдің студенттері аралас топтарда жұмыс істейді. Семинарда жергілікті жастар сәннің басқа мәдениетте қалай көрінетініне байланысты мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ, семинар қатысушылары қандай киім-кешекпен алмасуға, қандай жағдайларда, қандай мәдени және ұлттық айырмашылықтар пайда болатыны туралы пікірлермен алмасады. Содан кейін қатысушылар суреттер мен коллаждарда жұмыс істеп, өздерінің туындыларын киім жинақтарында біріктіреді.

Халықаралық жастар семинары 2018 жылдың 31 мамырына дейін жалғасатын болады.

Римма Жанбаева




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *