Елімізде 3 миллионға жуық адамның басында баспана жоқ

355

Қазақстанда 3 миллионға жуық адам тұрғынүй алуға өтініш білдірген. «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы баспаналар  күзде беріледі. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бойынша 1,5 млн пәтер салу жоспарланған.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде тұрғынүй мәселесі көтерілді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі. Әзірге нақты қай бағыттарға екені  белгісіз. Белгілісі тұрғын үй құрылысы қарқын алады. Биыл елімізде  12 миллион шаршы метрден астам баспана бой көтеруі тиіс. Ол үшін республикалық бюджеттен 150 миллиард теңге қаралса, қалған қаражат жеке инвесторлар тарапынан тартылады.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыруымыз керек. Бұл үшін тағы жер бөлінуі керек. Жергілікті органдар, ауылдық жерлер, аудан орталықтарында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар бар. Соларға жағдай жасауымыз керек. Қазір тура айту мүмкін емес. Өйткені өңірлердің нарықтағы салынып жатқан құрылыс нысандарының ішінен алынуы мүмкін. Менің ойымша, қыркүйек айында басталуы тиіс»,-дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов.
Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *