Голливуд фильмдерін қазақ тілінде көретін кез келді

2

2011 жылдан бастап «Болашақ» корпоративтік қорының төрағасы, «Болашақ» қауымдастығының құрметті мүшесі Бауыржан Байбектің бастамасымен голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасы қолға алынды. Голливудтық танымал фильмдерді қазақ көрермендері тамашалай алады. Бұл фильмдер Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де қолжетімді болады.

«Танымал фильмдерді қазақ тілінде көру арқылы шет мемлекеттерде тұратын қазақ балалары ана тілін үйренеді. Қазақтілді контентті қолжетімді ету үшін барлық шараларды атқарып жатырмыз. «Болашақ» қорымен қазақтілді контентті әлемнің кез келген түпкірінде, кез келген құрылғы арқылы қолжетімді ету мүмкіндіктерін қарастырудамыз», — дейді Ivi.ru онлайн-кинотеатрының халықаралық даму бойынша директоры Артем Егоренков.

7 жыл ішінде 23 голливудтық кинокартинаның қазақша дубляжын іске асырылды.  «Өзіңнен баста» жобасы  арқылы қазақ тілі Sony Pictures-тегі жетінші түркі тілі, Walt Disney-дегі 39-тіл атанып, әлем бойынша DVD, Blu-Ray, iTunes және онлайн-кинотеатрларда көрсетілетін голливудтық фильм тілдерінің үздік жетілігіне енді. «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Динара Шәйжүнісованың айтуынша, биыл жас көрермендер үшін қазақ тіліне дыбысталған төрт фильмнің таныстырылымы өтеді.

14 маусым күні  «Суперотбасы 2», 12 шілде күні —  «Монстрлар демалыста 3» анимациялық фильмдері жарыққа шығады. Ал «Щелкунчик және төрт патшалық» фильмі 2-қарашада дайын болса, 22 қарашада «Ральф Интернетке қарсы» мультфильмі экранға жол тартады.

Дереккөз: inform.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *