Мадридтік «Реал» клубы үшінші рет чемпиондар Лигасында жеңімпаз атанды

181

Киевте өткен турнир финалында «Реал» ағылшын клубы «Ливерпульден» 3:1 есебімен басым түсті. Алғашқы таймда екі команда да есеп аша алмады. Ойынның 51-минутында «Ливерпуль» қақпашысы Лорис Кариустың қателігінен соң Кәрім Бензема алғашқы гол авторы атанды. 54-минутта ағылшын клубы сапындағы Сидио Мане мадридтіктерге жауап қайтарып, есеп теңестіріп үлгерді. Матчтың 63-минутында Гарет Бейл «Ливерпуль» қақпасына кезекті голды соғып, «Реалды» алға шығарды. Футболшы ойынның 83-минутында екінші голын соғып, дубль авторы атанды.  «Реал» өз тарихында осымен 13-рет және соңғы үш жылда қатарынан чемпиондар Лигасында жеңіске жетіп отыр.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *