Алматылықтар науқас жандарды қолдап велошеруге шықты

85

Велошеру ішек ауруларымен күрес халықаралық күніне арналды, ол жыл сайын мамырдың 19-ы күні әлемнің 38 елінде аталып өтіледі. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтарын дер кезінде тексеріліп, ауруды алдын алу туралы хабардар етуге, сонымен қатар, халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған.

600-ден астам қала тұрғындарымен қонақтары 9 шақырым қашықтықты бағындырып, ҚР Тұңғыш Президенті саябағында мәреге жетті.

Мәреде қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар, велосипедтер ойнатылды. Бағы жанғандардың біреуі велошерулердің белсенді қатысушысы Анастасия Ефременко болды.

«Осындай велошерулер қаламызда өтетініне мен шын қуанамын. Өзіме спорт ұнайды. Біз жұбайымыз екеуіміз велосипедте үнемі қыдырамыз. Бүгінгі сыйлықты ұтып алғаныма ризамын, сіздерге көп рахмет», — деп бөлісті Анастасия Ефременко.

Денсаулық мәселесіне арналған спорттық шара Алматы қаласының әкімдігі, «Ішек ауруларымен ауырған азаматтарға қолдау және көмек көрсету» әлеуметтік қоры, «Такеда Қазақстан» және «Альпен Фарма» компанияларының қолдауымен ұйымдастырылды.

Айта кетерлік жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің бесіншісі болып табылады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *